Кубада жанармай қоры таусылды

Кубада жанармай тапшылығы артып, елдегі энергетикалық жағдай қиындай түсті. Билік дизель отыны мен мазут қоры толық таусылғанын мәлімдеді. 

Reuters агенттігінің мәліметінше, Гавана толық жарықсыз қалған. Тұрғындар соңғы он жылдағы ең ауыр энергетикалық дағдарыстың біріне тап болған. Қазір елде азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшылығы да ушығып барады. Куба билігі мұндай жағдайды АҚШ-тың мұнай саласына қатысты шектеулерімен байланыстырып отыр. БҰҰ өкілдері жағдай өзгермесе, Кубада гуманитарлық дағдарыс қаупі күшеюі мүмкін екенін ескертті.