Нигерияда содырлардан 360 тұтқын босатылды
Нигерия әскері елдің солтүстік-шығысында арнайы операция жүргізіп, "Боко Харам" содырларының қолынан 360 тұтқынды босатты.
Құтқарылғандардың көбі әйел мен бала. Әскерилердің мәліметіне қарағанда, оларды қарулы топ Мандара тауларындағы жасырын лагерьде ұстаған. Барлаушылар анығын білген соң қауіпсіздік күштері шабуылдап, содырларды бекінген орындарынан тықсырған. Сол кезде жүздеген адам бостандыққа шықты. Дегенмен, кепілде болған екі бала аштық пен ауыр жағдайдан көз жұмған.