Иран: АҚШ шешім қабылдауға қауқарсыз

«АҚШ Иранға қатысты шешім қабылдауға қауқарсыз». Парсы елі Парламентінің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ебрахим Азизи осылай деп мәлімдеді. 

Ебрахим Азизи, Иран Парламенті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы: 

- Өкінішке қарай АҚШ президентінің мінезі қарама-қайшылыққа толы. Мұның себебі, америкалықтар нақты шешім қабылдауға келгенде кібіртіктеп қалады. АҚШ-тың босбелбеу, сөзі сұйық, мақтаншақ, ашкөз президенті Иранның нақты және батыл жауаптарына қарсы уәж айта алмай отыр. Америкалықтар шайқас алаңында өз мақсаттарына жете алмады. АҚШ-тың теріс әрекеттеріне байланысты келіссөз жүргізу ісі тоқтатылды. Олар ұлы Иран ұлтына тіл тигізуден аулақ болуы керек. АҚШ Иранның барлық әскери, қорғаныс, саяси және тіпті экономикалық өлшемдер бойынша үлкен биікке көтірелгенін мойындау қажет.