Францияда орман өртенді

24kz

Францияның оңтүстігінде орман отқа оранды.

Жалын Эро мен Од департаменттерінің шекарасында 700 гектар аумаққа жайылған. Өртке елде бір апта бойы тұрған аптап ыстық себеп. Жалын желден тез таралып жатыр. Бірнеше ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, кей өңірлердегі жолдар жабылды. Тілсіз жаумен күреске 200-ден аса өрт сөндіруші, полиция қызметкерлері және авиация жұмылдырылды. Лаулаған оттың тез таралуына байланысты елдің оңтүстігіндегі алты департаментте өрт қаупінің ең жоғары «қызыл» деңгейі жарияланды.