+46 градус: Қарақалпақстанда балабақшалар уақытша жабылды
Аптап ыстыққа байланысты Қарақалпақстанның бірқатар қаласы мен аудандарында мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «24KZ».
Қарақалпақстанның Мектепке дейінгі және орта білім беру министрлігінің мәліметінше, бұл шешім Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық комитетінің ұсынысымен қабылданды.
Оған сай, енді мына шаһарлар мен аудандарда балабақшалар уақытша жұмыс істемейді:
Нүкіс қаласы мен Қожелі ауданында – 13-18 шілде аралығында;
Әмудария ауданында – 13-15 шілде аралығында;
Беруни, Тақиятас, Шоманай, Мойнақ, Қанлыкөл және Төрткүл аудандарында – 13-17 шілде аралығында.
Uzhydromet болжамына сай, 13-17 шілде аралығында Өзбекстанда аптап ыстық жүреді. Республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасы +43 градусқа, ал елдің солтүстік, оңтүстік және шөлейт аймақтарында +46 градусқа дейін көтеріледі.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз