Нарықта мұнай бағасы 4 пайызға өсті
Иран мен АҚШ арасындағы шиеленістің күшеюі әлемдік мұнай бағасына әсер етті.
Brent маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 4 пайызға қымбаттап, 79 долларға жетті. Ал WTI маркалы мұнайдың бағасы 74 долларға дейін көтерілді. Сарапшылардың айтуынша, Иранның Ормуз бұғазын қайта жабуы мүмкін деген мәлімдемесі нарықтағы алаңдаушылықты күшейткен.