Трамп 17 шілдеде халыққа үндеу жариялайтынын хабарлады

Фото: AP Photo / Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп 17 шілдеде халыққа үндеу жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

«Президент Трамп бейсенбі күні кешкі сағат 21:00-де шығыс уақытымен халыққа үндеу жариялайды. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет!» - деп жазды ол Truth Social желісінде.

Трамп үндеудің тақырыбын ашпады, алайда бұл мәлімдеме ол АҚШ-тың Иранға қарсы әскери-теңіз блокадасын қайта бастайтыны және Вашингтонның Ормуз бұғазы арқылы транзитпен өтетін кемелер үшін 20 пайыздық баж салығын енгізетіні туралы хабарлағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз