Вьетнамда автобус өртеніп, 7 адам жанып кетті
Вьетнамның оңтүстігінде автобус өртеніп, 7 адам тірілей жанып кетті.
Рейтердің хабарлауынша, 24 орынды жолаушылар көлігі Лам Донг провинциясынан жақын маңдағы бизнес орталығы Хошимин қаласына бара жатқан. Тағы 5 адам жараланды. Өрттің тұтану себебі әзірге белгісіз. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.