Қытайдың солтүстік-батысын су басты

Қытайдың солтүстік-батысында нөсер құйып, сел жүрді. Салдарынан  бір адам опат болған. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады.

Кей аудандарда жауын-шашын мөлшері 300 миллиметрден асқан. Табиғи апаттан 4 мыңға жуық баспана, бөгеттер мен ауыл шаруашылығы алқаптары бүлінді. Қазір 10 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Зардап шеккендерге көмек үшін жергілікті билік 50 миллион доллар қаражат бөлді.