Нил Армстронгтың үйі сатылады

АҚШ-та Айға барған алғашқы астронавт Нил Армстронгтың үйі сатылып жатыр. Ішінде Айға ұшу бағдарламасына қатысты сирек суреттер мен "Аполлон-11" экипажының естелік заттары әлі күнге дейін сақтаулы тұр. Огайо штатындағы баспана ғимараты 430 мың долларға бағаланды. Бұл шамамен 200 миллион теңге. Үй кейінгі 40 жылда алғаш рет сатылымға шығарылды.

Армстронг онда жасөспірім кезінде тұрған. Ол бұл үйде ұшақтардың түрлі модельдерін жинап, алғашқы тәжірібиелерін жасады. Үйді 1988 жылы сатып алған қазіргі иесі ғимараттың тарихи бейнесін сақтап қалған. Алайда бұл үй мемлекет тарапынан қорғалмайды.