Исландияда кит аулауға тыйым салуы мүмкін
Ел үкіметі заң жобасын парламентке енгізуді жоспарлап отыр. Бұл – кейінгі жылдары экологтар мен жануарларды қорғау мамандарының жиі көтеріп жүрген мәселесі.
Биыл Исландияда 150-ге дейін кит аулауға рұқсат етілген. Қазірдің өзінде 80-і ауланды. 1986 жылдан бері коммерциялық мақсатта кит аулауға дүниежүзілік мораторий енгізілген. Оған сәйкес су жануарын кәсіптік мақсатта аулауға толық тыйым салынады. Енді парламент заң жобасын мақұлдаса, әлемдегі кит аулаушы елдер қатарында Норвегия мен Жапония ғана қалады.