Түркия Йемендегі хуситтерден Саудияны қорғауға көмектеспек

Йемендегі қақтығыс ушығып барады.

Хуситтер енді Йеменнің мемлекеттік күштері ғана емес, оларға қолдау көрсетіп отырған мемлекеттерді де шабуылдап жатыр. Сауд Арабиясындағы бірнеше әуежайға соққы жасап, ол жақта үш адам қаза тапты. Осыған байланысты корольдіктің одақтастары елдің қорғанысын күшейтуге көмектеспек. Бұл ретте Түркия сыртқы істер министрлігі Мекке келісімі бойынша Пәкістанмен келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Хакан Фидан, Түркияның Сыртқы істер министрі:

- Мекке келісімінің басты мақсаты - қорғанысты қамтамасыз ету. Оған қатысушы елдердің біріне шабуыл жасалса, өзгелері қолдау көрсетуі тиіс. Бірақ бұл міндетті түрде әскер жіберуді білдірмейді. Қазір біз Пәкістанмен бірге Сауд Арабиясына әуе қорғанысы мен радиоэлектронды жүйелер саласында қандай техникалық көмек көрсете алатынымызды қарастырып жатырмыз. 

Ал Йеменнің өз басында қаңғыған оқтан қашқан жұрт жаппай қоныс аударуға мәжбүр. Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметіне қарағанда олардың саны 200 мыңнан асты. Әсіресе Таиз бен Лахж өңірлерінде жағдай қиын. Қарулы қақтығыстар мен жол қатынасындағы шектеулер қауіпсіз жерге жетуді де, гуманитарлық көмек жеткізуді де қиындатып отыр. Халық азық-түлікке, баспана мен медициналық көмекке мұқтаж.

Сондай-ақ оқыңыз: