Малайзия астанасында мектептер жабылады

Малайзия астанасы Куала-Лумпур мен 180 аймақта мектептер жабылады.

Бұған ауаның ластануы себеп. Ластану деңгейі әлдеқайда артып кеткен. Мамандар бұл санатты "денсаулыққа зиян" деп бағалайды. Көрсеткіш 3 күн қатарынан жоғары болса, оқу орындары 12 қазаннан бастап қашықтан оқыту форматына көшеді. Мұғалімдерге де үйден жұмыс істеуге рұқсат берілді. Малай үкіметі көршілес Индонезия орманындағы өрттің қою түтіні 37 аймақты тұмшалап тұрғанын айтады. Мұның зардабын тағы бір көрші ел Сингапур да тартып отыр. Куала-Лумпур өртке қарсы күресте Индонезияға көмек беруге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз: