Транспорт және логистика. Алып жол құрылысы

Елімізде бүгінде халықаралық және республикалық деңгейдегі жаңа тас жолдардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жалпы ұзақтығы 7 мың шақырымдай болатын 11 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Биылғы жылы жөндеу-құрастыру жұмыстары ұзындығы 1111 шақырымға созылған 46 нысанда жүргізілуі тиіс. Соның ішінде «Алматы-Өскемен» тас жолының «Алматы-Қапшағай» жол теліміндегі негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды деуге болады. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.