Абайлаңыз, импорт! Жылы көрпені бірге таңдайық

Wegetarian.RU

Адам өмірінің үштен бірін ұйқыда өткізетінін ескерсек, төсек-орынның сапалы болғаны аса маңызды. Бүгінде нарықта өзге тоқыма бұйымдарына қарағанда көрпе мен жастыққа деген сұраныс жоғары. Дүкен сөрелерінен олардың жүн, мамық, синтетика және жібектен жасалған түрлерін кездестіре аласыз. Алайда олардың барлығы бірдей сапалы бола бермейді дейді мамандар. Оның құрамын таңдау үшін ең алдымен өлшемі мен жылу оқшаулағыш қасиетіне көңіл бөлгеніңіз абзал. Тағы нені басты назарға алу қажет? Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.