Абайлаңыз, импорт! Сапалы бахиланы бірге таңдайық

Осыдан 20 жылдай бұрын полиэтиленнен жасалған аяқкиімдер көптеген мекемелерде бола бермейтін. Ең алдымен бұл санитарлық тазалықты қамтамасыз ету үшін өндіріле бастады. Ал бүгінде бахилаларды тек дәрігерлер ғана емес, емхана, косметологиялық орталықтар, тіпті фитнес клубтарға келушілер де киіп жүреді. Алайда қазір әлем бойынша барлық медициналық орталықтар мыңдап сатып алатын оның сапасына шағымданатындар көп. Тіпті кейбірі киюге тыйым салды. Себебі сапасыз полиэтилен аяқкиімдер жыртылып, медицина және техникалық қызметкерлерге ыңғайсыздық туғызған. Ендеше бахилалардың қайсысы тазалықты сақтап қана қоймай қаражатымызды үнемдеуге көмектеседі?