Жапонияда 4 адамнан коронавирустың жаңа штамы анықталды

Белгілі болғандай науқастар қантардың екісі күні Бразилиядан ұшып келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапонияның жұқпалы ауруларды алдын алу ұлттық орталығының мамандары аурудың мутацияға ұшыраған бұл түрі Ұлыбритания мен Оңтүстік Африка республикасында анықталған вирустың жаңа штамымен ұқсастығы бар екенін айтады. Десе де зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Айта кетейік, дертке шалдыққан 4 науқастың біреуінде ғана ауру симптомсыз өтуде. Қалғандары дәрігерлердің жіті бақылауында.