Жапонияда екпе егу шарасына жауапты министр тағайындалды

Жапония премьері елде COVID-19-ға қарсы екпе егу шарасына жауапты министрді тағайындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таро Коно бұрында Сыртқы Істер мен қорғаныс күштер министрлігінің басшысы болды. Бұдан былай ол аймақтағы барлық өңірге уақытылы, әрі бірдей көлемде екпе жеткізу жұмыстарымен айналыспақ.

Айта кетейік, жергілікті биліктің хабарлауынша, елде жаппай екпе егу науқаны ақпан айының соңында басталмақ. Вакцинацияның бірінші кезеңінде шамамен 50 млн адам екпе қабылдайды деп жоспарлануда. Оның 4 млн-ы медицина және әлеуметтік саладағы қызметкерлер болса, 36 млн-ы 65-жастан асқан тұрғындар. Қалғандары созылмалы ауру бар адамдар.

Естеріңізге салайық, қаңтар айының басында ел астанасы мен тағы бірнеше префектурада жарияланған төтенше жағдай режимі әлі де өз күшінде. Биліктің бұл шешіміне аймақтағы эпидемиологиялық ахуал себеп болды.

Таро Коно, Жапонияның әкімшліік реформалар мәселелері жөніндегі министрі:

- Кеше кешкісін премьер-министрдің шешімі бойынша елдегі екпе егу шарасына жауапты болып тағайындалдым. Барлық департаменттерде вакциналау науқаны ойдағыдай өту үшін бар күшімді саламын. Саяси мәселелер елдің денсаулық сақтау, экономика министрліктерімен бірлесе шешілетін болады. Мен вакцинаның жеткізілуі мен препараттың қолайлы жағдайда сақталуына жауап беремін.

Сондай-ақ...