Иммундау қатерді азайтады

Бүгін Алматыда Еуропалық иммундау апталығы аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Жиында Қазақстанда иммундау бойынша кеңейтілген бағдарламаны жүзеге асырудағы жетістіктері атап өтілді. «Мәселен, вакцинациялаудың арқасында елімізде 14 жасқа дейінгі балалар арасында гепатит В жұқпасы, желшешек ауруының алдын алуға қол жетті», - дейді мамандар. Биыл жатыр мойны обырының қоздырғышы саналатын адам папиломасы вирусына қарсы вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілмек. Өкінішке орай, соңғы уақытта елімізде екпеден бас тарту үрдісі басым. Сондықтан осы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Манар Смағұл, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» басқарма төрайымы:

- Бүгінгі күні тағы бір қауіптің бірі – өз еркімен вакцинациядан бас тарту. Оның әсерін біз былтырғы жылы қызылша ауруының өсуі және биылғы жылы көкжөтел ауруының өршуінен көріп отырмыз. Қазақстан бойынша 2009 жылдардан бастап күл ауруы тіркелмей отыр. Бірақ та мынау иммундаудың төмендеуі арқылы ол күл ауруы тағы да қайта оралуы мүмкін. Соған назар аударуымыз қажет.