Грекияда алыс аралдардың тұрғындарын вакциналау басталды

Грекияда алыс аралдардың тұрғындарын вакциналау басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол аралдардың көбісінде қысқы маусымда не бәрі ондаған адам тұратынына қарамастан, үкімет олардың барлығына вакцина жеткізуді көздеп отыр. Осылай жазғы демалыс маусымы басталмас бұрын жергілікті тұрғындарды вирус жұқтыру қауіпінен сақтап қалмақ. Дәрігерлердің айтуынша, жасы мен мамандығына бөлмей, екпені аралдардың барлық тұрғынына салады. Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде Грекияның 200 мың тұрғындарына вакцина егілді.

София Кувалаки, Кастелоризон аралының тұрғыны:

– Бұл арал үшін маңызды. Бізде әлі күнге дейін ешкім коронавирусты жұқтырған жоқ. Індеттен аман қалып, адамдар өзін қауіпсіз сезінгенін қалаймыз. Әсіресе, аралымызға туристер қайта келіп жатса.

Сондай-ақ...