ДДСҰ тобы Уханьдағы атышулы базарға барды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Қытайдың Ухань қаласындағы атышулы базарға барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осы жерде COVID-19-ды таратқан тірі жануарлар азық-түлікпен қатар сатылған деген пайым бар. Мамандар базарда 1 сағаттай болды. Бірақ әлемдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, сарапшылардың әр қадамын Қытай билігі қатаң бақылап отырған. Тіпті осы базарға барған сапарда олар журналистермен тілдеспей, суыт аттанып кеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары өткен айда келіп, 2 апта карантинге жабылды. 28 қаңтарда ғана босаған мамандар Уханьға барды. Олардың мақсаты – коронавирустың шығу себебін анықтау.