Италияда Этна жанартауы атқылады

Сицилия аралында орналасқан отты тау кеше кешкқұрым оянды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жанартаудың оңтүстік-шығысындағы баурайынан бір шақырымдай биіктікке күл шашылып, ыстық шоқ ақты. Олар жақын маңдағы бірнеше ауылға жеткен. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Қауіпсіздік мақсатында аралдағы әуежай уақытша жабылды.

Айта кетейік, Этна – Еуропадағы ең биік жанартау. 2017 жылы отты таудың атқылауынан 10 адам жарақат алған.