Тбилисиде көп жылдан бері қар жауды

17 қаңтарға қараған түні ел астанасы Тбилисиде көп жылдан бері алғашқы рет қар жауды.

Соның салдарынан жолдарда ірі көлік кептелісі пайда болды. Ауа райының қолайсыздығынан жедел желіге ел бойынша 140 адам қоңырау шалып, көмекке мұқтаж екенін айтқан. Бір бала аялдама шатырынан түскен қардан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті мамандардың айтуынша, аязды күндер ақпанның 26-сына дейін сақталады екен. Сондықтан билік өкілдері көлік иелерін себепсіз жолға шықпауға шақырып жатыр.

Каха Каладзе, Тбилиси мэрі:

- Тбилисиде қар жауды. Осыған байланысты коммуналдық қызмет мамандары түні бойы жұмыс істеді. Жолдарды тазалау, үстіне тұз себу жұмыстары қазір де жалғасып жатыр. Бұл іске қалалық кеңес мамандары да тартылған. Олар аулаларды тазалауда. Тағы бір айта кетерлік жайт, Тбилисидің кей жолдарында ірі кептеліс пайда болды. Бұл бірінші кезекте көлік дөңгелектерін қысқы резеңкеге ауыстырмауымен байланысты. Сондықтан қысқы дөңгелегі жоқ жүргізушілердің көлікке отырмауын сұраймын.

Сондай-ақ...