Сомалиге COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жетті

Сомалиге коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

AstraZeneca компаниясының 300 мың доза екпесі Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының «Ковакс» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Жергілікті билік препарат ең алдымен егде жастағы тұрғындар мен пандемияға қарсы күрестегі алдыңғы шепте жүрген мамандарға егілетінін айтады. Жоспар бойынша Сомалиге жалпы есеппен AstraZeneca препаратының 1 млн-ға жуық дозасы жеткізілуі керек.

Сондай-ақ...