Сеулде коронавируске қарсы жарық шоуы өтуде

Сеулде жарық шоуы басталды. Кешкі сағат жетіден бастап Тондемун Дизайн Плазу ғимаратында түрлі-түсті композиция көрсетіледі.

Алты миллионнан астам бейнедегі Сеулдың өткені мен бүгіні және әлемнің 11 мың фотосуреті жасанды интеллектпен өңделген.

Жоба авторы, түрік медиа суретшісі Рефик Анадол «аталған шоу вируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, үміт пен жұбаныш шамына айналады» дейді. Сеул дизайн қоры ұйымдастырған шара 1 сәуірге дейін жалғасады. Он минуттық бағдарлама күніне 6 рет көрсетіледі. Індетке байланысты Тондемун Дизайн Плаза аумағанда композицияны бақылауға келушілер саны 99 адаммен шектелген. Алайда түсті бейнелер алыстан да айқын көрінеді.

Ким Ен Ми, Сеул жарық фестивалінің менеджері: 

- 2019 жылы шоуымызды миллионнан астам адам тамашалады. Біз бұл орын Сеулдың көрнекі жеріне айналады деп үміттендік. Бірақ коронавирус кесірінен шетелдік туристер келмейді, тек Кореяның басқа аймақтарынан адамдар келеді. Көктемнің жылуы туризмнің дамуына көмектеседі деп сенеміз.