Бразилияда коронавирустан көз жұмғандар саны 400 мыңнан асты

Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 400 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір айда дерттен 100 мың адам өлген. Осылайша, бұл ел АҚШ-тан кейін қауіпті кеселден ең көп адам көз жұмған мемлекетке айналды. Мамандардың айтуынша, бұған елде COVID-19-дың жаңа штамы себеп. Бірақ билік сәуір айынан бастап елде өлім-жітім азайғанынын мәлімдеп отыр. Індетпен күресте вакцинаға көп үміт артуда. Алайда қазірге дейін жұқпалы кеселге қарсы халықтың 6%-і ғана егілген. Айта кетейік, Бразилияда коронавирус таралғалы вирусты 15 миллионға жуық адам жұқтырған.

Сондай-ақ...