G7: кедей елдердегі қырық млн қыз баланы оқытамыз

«Үлкен жетілік» елдері кедей мемлекеттердегі 40 миллион қыз баланың мектепте білім алуына жағдай жасайды.

Осы мақсатта алдағы 2 жылда 15 миллиард доллар бөлінбек. Бұл туралы «Үлкен жетілік» елдерінің Сыртқы істер министрлері соңғы 2 жылда бірінші рет офлайн бас қосқан жиында белгілі болды. 3 мамырда басталған бұл кездесу бүгін аяқталуы тиіс. Жиынға Джо Байден келді. Бұл оның АҚШ президенті болып сайланғаннан бергі Еуропаға жасаған алғашқы сапары. Санитарлық шаралар қатаң сақталған іс-шарада індетке қарсы тұру, вакциналарды әділ бөлу, ғаламдық жылыну мен азық-түлік мәселелері де қызу талқыланып жатыр.

Доминик Рааб, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі:

- «Үлкен жетілік» елдердің осы аптадағы кездесуі Британияның әлемдегі ірі экономикаларға ие елдерді ортақ қауіп-қатерлерге қарсы біріктіре алатынын көрсетеді. Біз дүние жүзі бойынша вакциналарға әділетті түрде қол жеткізуге кепілдік беру үшін бірге әрекет жасаймыз,  климаттық өзгеріске қатысты ұзақ мерзімді іс-шараларды келісеміз және аштыққа қарсы жаңа әдістерді ойлап табамыз.