Сиднейде ковидтің «үнді штамы» анықталды

Сиднейде 3 күн бойы шектеу шаралары өз күшінде қалады. Австралияда таяуда 50 жастағы азаматтан ковид-19-дың «үнді штамы» анықталған болатын.

Бұл халқы ең көп Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында соңғы 1 айда алғаш рет тіркелген жағдай. Науқастың әйелі де коронавирусқа шалдыққан. Жақын араласқан басқа адамдардың тестісі теріс нәтиже көрсеткен.

Глэдис Бережиклян, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьері:

- Аталған вирус 14 күнге дейін жойылмайтынын білеміз. Сондықтан бірден дабыл қағып жатырмыз. 7, 8, 9 мамырда үйге 20-дан көп адам шақырмаңыздар. «Аналар күнін» қатты қадірлеймін, бірақ аса сақ болғанымыз абзал. Ғимарат ішінде жиналып, ән айтуға, би билеуге болмайды.