Австралияда 152 адам тасқын аймағынан шығарылды
Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында тасқынмен күрес шаралары күшейтілді.
Қазір мамандар жергілікті тұрғындарды жаппай қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Билік өкілдерінің мәлімдемесі бойынша 152 адам апат аймағынан шығарылған. Әзірге тасқыннан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Сәуірдің 5-і күні Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында бір тәулікте 111 миллиметр жауын түсіп, бірнеше елді мекенді су басты.