Мадридтегі қарттар үйінің тұрғындары хайуанаттар паркін тамашалады

Испанияда эпидемиологиялық ахуал жақсарып, Мадрид қаласындағы бір қарттар үйінің тұрғындары хайуанаттар паркін тамашалауға мүмкіндік алды.

Қариялардың қуанышында шек жоқ. Себебі бұл олардың баспаналарынан былтырдан бері алғаш рет ұзап шығуы. Қарттар саяхат індет, күйзелістен құтылуға көмектескенін айтады.  

Мануэль, жергілікті тұрғын:

- Көп уақыт ғимараттан шықпау адамға кері әсер етеді екен. Хайуанаттар паркіне барып, бірсарын өмірден сергіп қалдық. Бұрынғы өмір тез оралса екен деп тілейміз.