425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістандық штамға қарсы иммунитет қалыптастыру жолы айтылды

  • 175
  • UPD: 13:17, 20.06.2021
Үндістандық штамға қарсы иммунитет қалыптастыру жолы айтылды фото: © Reuters

Ресейлік аллерголог-иммунолог Владимир Болибок үндістандық штамға қарсы иммунитетті қалыптастыру жолын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru басылымына сілетеме жасап.

Дәрігердің сөзінше, ағзаны күшейтудің бір ғана жолы бар, ол - дәрі-дәрмектер. Маман иммунитетті күшейтуге иммуномодуляциялайтын құралдар тобына жататын препараттартарды қолдануды ұсынды.

Дәрігер ауруға қарсы иммунитетті күшейтудің дәрілік емес әрекеттері профанация екенін айтады.

«Адам иммунитетінің деңгейі екі параметр бойынша анықталады. Біріншісі – генетикасы, екіншісі – жасы. Адамда иммундық қорғаныш деңгейі «бағдарламаланған». Сәйкесінше, кей кезде иммундық жүйе жақсы жұмыс істесе, кейбір вирус пен бактерияға қарсы әрекет ете алмауы мүмкін. Ол әр адамда әртүрлі болады», - дейді Болибок.

Дәрігер адам өмірінде төтеп бере алатын вирус пен бактериямен кезігетінін айтады.

«Сондай-ақ оған адам жасы да әсер етеді. Орта есеппен адамда 35 жасына қарай жасырын не ашық түрде созылмалы ауру болады. Сәйкесінше, COVID-19 сол жас шкаласы бойынша иммундық жүйеге әсер етеді. Яғни адам жасы неғұрлым үлкен болса және иммундық жүйесі әлсіз болса, соғұрлым оған вирус белсенді түрде шабуыл жасайды», - дейді маман.

 

Хабар 24 телеарнасы