Вашингтон штатында орман өртінен адамдар эвакуацияланып жатыр

Вашингтон штатында орман өртінен адамдар эвакуацияланып жатыр

Вашингтон штатының шығысында орман өрті дес бермей тұр. Қатты жел мен аптап ыстық жағдайды күннен күнге ұшықтырып барады.

Апаттың қауіптілігінен жақын маңдағы елді мекен тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Тілсіз жауға қарсы 150 өрт сөндіруші мен ондаған арнайы техника күресуде. Мамандар қызыл жалын 121 гектар жерді тып-типыл еткенін хабарлайды.

Эрик Келлер, табиғи ресурстар департаментінің өкілі:

- Аймақта көтерілген жел мамандардың жұмысына кедергі келтіріп тұр. Өрт сөндіру жұмыстарына бірнеше ұшақ пен өзге де техниканы тарттық. Сонда да жағдай қауіпті. Өрт орманды алқапта ғана емес, жазық жерде де лезде жайылып барады.