424,37 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияда құмнан әлемдегі ең биік қамал тұрғызылды

  • 279
  • UPD: 11:58, 07.07.2021
Данияда құмнан әлемдегі ең биік қамал тұрғызылды

Ұзындығы 21 метрден асатын нысанға 4860 тонна құм жұмсалған. Айрықша құрылысты салуға дүние жүзінің ең білікті деген 30 мүсіншісі қатысқан.

Бұл қамал жақын арада Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін. Себебі ол алдыңғы жылы Германияда салынған әлемдегі ең зәулім құмды мұнарадан 3 жарым метрге биік.

Уилфред Стиджер, мүсінші:

- Қамалдың басында тәж бар. Ол біздің өмірімізді дұрыс басқаратын күштің белгісі. Ол қазір бізді бетперде киюге, көп қыдырмауға және үйде болуға шақырып тұр.

Хабар 24 телеарнасы