Тюменьде белгісіз адам банк қызметкерлерін кепілге алды

Тюменьде белгісіз адам банк қызметкерлерін кепілге алды

Белгісіз ер адам Тюменьдегі Сбербанктің филиалында бірнеше адамды кепілге алды, деп хабарлады ТАСС.

Ол ақша талап еткен.

«Онымен келіссөздер жүргізуге тырысып жатыр. Ер адам ақшаны қолма-қол беруді талап етуде», - делінген.

Банк филиалы орналасқан тұрғын үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Оқиға орнында жұмыстар жүргізілуде.