Грекия халқы вакциналауға қарсы шықты

Грекияда тұрғындар вакциналауға қарсы тағы бас көтерді. Афиндағы парламент ғимаратының алдына 1 жарым мыңға жуық адам жиналды.

Ереуіл соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Тәртіп сақшылары наразы топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашуға мәжбүр болған.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Грекия билігі Қарттар үйлері мен медицина қызметкерлерін вакцина салдыруға міндеттеген болатын. Екпеден бас тартқандар ақысы төленбейтін демалысқа жіберілмек. Соңғы күндері бұл елде індет қатты өршіп кетті.

Сондай-ақ...