Әлемде бір аптада 70 мыңға жуық адам коронавирустан көз жұмды

Әлемде індет құрбандарының саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлап отыр. Өткен аптада COVID-19 жұқтыру дерегі 3,8 миллионнан асқан еді. Вирустың таралуы қарқын алған тұста өлім-жітім саны да күрт өскен: 69 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 21%-ке көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апталық есебіне сәйкес COVID-19-дың таралуы әсіресе Солтүстік және Оңтүстік Америка, мен Батыс Тынық мұхиты аймағында үдей түскен.