Парижде тағы бір зергерлік дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды

Парижде тағы бір зергерлік дүкен тоналды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл осы аптада жасалған екінші қарақшылық шабуыл. Екі қаскөй алғашында алушы ретінде қымбат білезікті қараған. Артынан ақшасын төлеместен тайып тұрған. Бұл білезік 2 миллион еуро тұрады екен.

Ескеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын осы Парижде тағы бір зергерлік дүкен тоналған еді. Ол жолы да қарақшы дәл осылай әрекет еткен. Алғашында алушы ретінде кіріп, артынан қызметкерлерге қару кезеген. Ол кезде ұрланған бұйымдардың сомасы 2-3 миллион еуроға бағаланып отыр.

Бұл іске қатысты 2 адам қамауға алынған.