Түркияда ірі жол апаты болды

Түркияда ірі жол апаты болды
МК-Турция

Оқиғадан 15 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марқұмдардың 11-і оқиға орнында тіл тарпай кетті. Қалғандары ауруханада жан тапсырды. Тағы 17 жолаушы түрлі жарақат алған. Зардап шеккендер жақын маңдағы 5 ауруханаға жеткізілген. Белгілі болғандай, Эдремит қаласына бағыт алған автобуста туристер де болған. Апаттың не себептен болғаны әзірге анықталған жоқ. Тергеу ісі жалғасуда.