Грекиядағы орман өрті: құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр

Грекиядағы орман өрті: құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр
Sputnik Кыргызстан

Грекияның Эвбея аралы отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалынды ауыздықтау үшін жүздеген маман, арнайы техника мен әуе көліктері тартылды.

Құтқарушылар қауіпті жерлерден тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Қазір Грекияда аптап ыстық. Ауа температурасы 40 градустан асады. Мамандардың болжамы көңіл көншітпейді. Айтуынша, ыстық күн райы кей өңірлерде аптаның соңына дейін жалғасуы мүмкін.