Ресейде автобус жарылысынан көз жұмғандар саны екі адамға жетті

Ресейде автобус жарылысынан көз жұмғандар саны екі адамға жетті
фото: gazeta.ru

Ресейдің Воронеж қаласында болған жол апатынан қаза тапқандардың саны 2-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша ауруханада ауыр халде жатқан бір адам көз жұмған. Тағы 20-ға жуық адам жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілді.

Естеріңізге салайық, жолаушылар автобусы аялдаманың жанында жарылды. Көлікте 35 адам болған. Апаттың себебі әзірге белгісіз. Тергеу жалғасуда.