Францияда эпидахуал жақсарды

Францияда санитарлық шаралардың індеттің төртінші толқынына әсерін бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакциналанған адам коронавирусты жұқтырса, дерті асқынып, ауруханаға жатқызылу ықтималдығы 8 есе, ал жансақтау бөліміне түсу мүмкіндігі 11 есе төмен екен. Министр Оливье Веранның айтуынша, төртінші толқын кезінде негізінен екпе алмағандар қайтыс болып жүр. Франция педиатрлары дельта штамының балаларға қатері артқан жоқ деген қорытындыға келді. Басты қаупі – балалардың вирусты таратуында. Франция билік өкілдері жаппай вакциналау мен санитарлық төлқұжаттарды енгізу төртінші толқынның өтуін жеңілдеткеніне сенімді. Пастер институты ғалымдардың болжамынша, вирустың елде таралуы бәсеңдеуі тиіс. 

Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі:

– Егер 12 жастан асқан бүкіл халықты вакциналау бойынша ауқымды науқанды өткізбесек, індеттің төртінші толқынының зардабы алдағылардың бәрінен асып кетер еді. Күніне қосымша ондаған мың адам вирусты жұқтырып, көбісінде ауру асқынар еді. Өйткені жұғу қабілеті жоғары бұл штамм өте тез тарайды. Бірнеше аптада ауруханаларымыз толып кетіп, жаздың ортасында локдаун енгізуге мәжбүр болар едік.