Өзбекстанда Ауғанстан азаматы есірткімен ұсталды

Өзбекстанда Ауғанстан азаматы есірткімен ұсталды

Өзбек-Ауған шекарасында тағы бір есірткі тасымалының жолы кесілді.

Сұрхандария облысы бойынша Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мамандары Әмудария өзені арқылы шекараны заңсыз кесіп өткен Ауғанстан азаматын ұстады. Тінту барысында 9 келі 84 грамм көлемінде көкнәр есірткісі тәркіленді.

Қазір ұсталған азаматтың өзге де қылмыстық топтармен байланысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Апта басында Өзбек-Ауған шекарасында есірткі тасымалдамақ болған қылмыскерлермен қарулы қақтығыс болып, бір өзбек жауынгері қаза тапқан еді.