Тунисте екі пойыздың соқтығысуынан 30 адам жараланды

Тунисте жолаушылар пойызы мен қала шетіне қатынайтын электрлі пойыз соқтығысты. 30 адам жарақат алды.

Оқиға Бенгрус қаласындағы вокзал маңында болған. Электрлі пойыз Тунис шаһарынан Сус қаласына кетіп бара жатқан пойызды барып қаққан. Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз. Жарақат алғандар ауруханаларға жеткізілген.