Германия билігі вакциналау қарқынын арттырмақ

Германия билігі вакциналау қарқынын арттырмақ

Германияда 3 күн қатарынан коронавирус жұқтыру дерегі 30 мыңнан түспей тұр.

Сарапшылар індеттің төртінші толқыны жүріп жатқанын айтады. Бірақ локдаун енгізілмейді. Билік оның орнына вакциналау қарқынын арттыруды жоспарлап отыр. Бүгінде Германияда жасы 12-ден асқан халықтың 67 проценті екпе салдырған. Препарат қабылдаудан бас тартқандар үшін шектеу шаралары енгізіледі. Енді олар мейрамхана, театр мен мұражайға бара алмайды. Бұл әзірге тек Саксонияда қабылданған ереже. Алайда алдағы уақытта өзге федералдық өңірлердің билігі де осындай шешім қабылдауы мүмкін.      

Клаус Холетшек, Бавария федералдық жерінің денсаулық сақтау министрі:

– Германияның көп өңіріндегі жағдай алаңдатарлық. Эпидахуал күннен күнге нашарлап барады. Сондықтан вакцинаның үшінші бустерлік дозасы барлық азаматтар үшін қолжетімді болады. Оны әсіресе медицина қызметкерлері мен қарттардың салдырғаны маңызды. Біз Израиль тәжірибесіне сүйеніп отырып, коронавирустың бұл толқынын еңсеруіміз қажет.