Ресей сарапшылары: Індетті жеңу үшін вакциналауды күшейту қажет

Ресей сарапшылары: Індетті жеңу үшін вакциналауды күшейту қажет
Newsroom.kz

Ресейде ғалымдар індетті вакциналауды күшейту арқылы ғана жеңуге болатынын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан алдағы айларда оның қарқынын арттыру қажет. Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург осылай дейді. Себебі жұрт жаппай вакцина алмаса, шектеу шараларынан пайда шамалы. Мәскеу мэрі Сергей Собянин де шаһарда екпе салдырғандар санын қазіргіге қарағанда 10 есеге арттыру қажет деп отыр.

Айта кетейік, қазір Ресейде 57 миллионнан астам адам вакцина алған.