Аргентинада Марадонаның өліміне қатысты сот тыңдауы өтті

Әйгілі футболшы Марадонаның өліміне қатысты 7 айыпталушы сот алдында жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер олардың спортшының қазасына кінәлі екені дәлеледенсе, 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сла кетейік, Диего Марадона бір жыл бұрын қайтыс болған. Марқұмның өліміне өкпенің қатты ісінуінен жүрегінің қысылуы себеп деп табылған. Оған дейін Марадона миында ұйыған қанды алу үшін операция жасатып, ішімдікке тәуелділіктен емделген болатын. Бірақ спортшының өлімінен кейін дәрігерлердің куәлігінде қарама-қайшылықтар шығып, оны емдеген қызметкерлер күдікке ілінген. Олардың арасында нейрохирург пен психиатр, 2 психолог және бірнеше мейірбике бар.