Вьетнам шетелдік туристер үшін шекарасын қайта ашты

Вьетнам шетелдік туристер үшін шекарасын қайта ашты

Вьетнам шетелдік саяхатшылар үшін қайта ашыла бастады. Әзірге туристерді Фукуок аралы қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жоба елдегі туризмді қайта жандандыруға бағытталған пилоттық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылуда. Оған сай турситер аралға еш карантинсіз кіре алады. Бірақ саяхатшылар ковид-19-ға қарсы вакцина салдырып, ПТР-тест анықтама болу керек. Сондай-ақ бетперде тағып, әлеуметтік арақашықты сақтау талап етіледі. Ал қалған аймақтарға бару үшін шетелдік азаматтар 2 апталық карантинде болуы тиіс. Туристердің қауіпсіздігі үшін аралда халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің 99 проценті егілген. Ал келесі айдан бастап 12 мен 17 жас аралығындағы балаларды вакциналау қолға алынбақ.