БҰҰ ғимаратының алдында қарулы ер адам ұсталды

Нью-Йорктегі БҰҰ ғимаратының алдында шолақ мылтықпен жүрген ер адам ұсталды.

Күдікті ешкімге қару  кезенбеген. Бірақ қаруды ашықтан ашық ұстап жүрген. Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ күдіктіні тұтқындады. Ешкім зардап шекпеген. Полицияның хабарлауынша, оқиғаның лаңкестікке еш қатысы жоқ. 60 жастағы ер адам Флоридадан келіп, БҰҰ-на құжат тапсырмақ болған екен. Бірақ оның халықаралық ұйымға қандай қағаздар өткізбек болғаны беймәлім. Тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ...