Ұлыбритания «омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізді

Ұлыбритания «омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізді

Ұлыбритания билігі жаңа шектеу шараларын жариялады, деп хабарлайды Хабар 24. Бұған елде «Омикрон» штамының кең етек жаюы себеп.

Дәрігерлердің айтуынша соңғы күндері Ұлыбританияда «омикрон» штамын жұқтырған науқастардың саны күн санап артып барады. Осыған орай премьер-министр Борис Джонсон келесі аптадан бастап Англияда ковид-төлқұжаттар енгізілетін хабарлады. Вакцина қабылданғанын айғақтайтын құжаты жоқ адамдар енді мейрамханаларға бара алмайды. Сонымен қатар, тұрғындарға мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуіне тура келеді. Барлық қоғамдық орындарда бетперде кию режимі қайта енгізілмек. Ал вирус жұқтырғандар мен олармен қарым-қатынаса болғандар міндетті түрде карантинде отырып, тест тапсыруы керек.