Британияда 1 миллионға жуық адам омикрон жұқтыруы мүмкін

Британияда 1 миллионға жуық адам омикрон жұқтыруы мүмкін

Ұлыбританияда жыл соңына дейін 1 миллионға жуық азамат омикрон жұқтыруы мүмкін.

Біріккен Корольдіктің денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид осындай болжам айтты. Бүгінде бұл елде коронавирустың жаңа түрі 600-дей адамнан анықталған. Алайда бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары, дейді Джавид. Өйткені вакциналар омикронға толықтай қарсы тұра алмайды.

Саджид Джавид, Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі:

- Менің жұмысым қолда бар дәлелдерге сүйене отырып, дұрыс шешім қабылдау. Індет әлі аяқталған жоқ. Шектеу шараларын күшейту арқылы алдағы уақытта қиындықтарға тап болмаймыз деп үміттенемін. Жалпы қазіргі уақытта ең жақсы қорғаныс ол вакцина қабылдау деп ойлаймын. 

Жапон ғалымдары омикрон дельтаға қарағанда төрт есе жылдам жұғатынын анықтады. Күншығыс елінің мамандарына сілтеме жасаған Блумберг басылымы ковидтің жаңа түрі адам иммунитетінен басым екенін де жазған.